Ермишкин Виктор Васильевич

Ермишкин Виктор Васильевич (28.01.1933 – 28.09.1997) – ұстаз. Семізбұғы ауылының тумасы. Қарағанды мұғалімдер институтын бітірген соң, Ворошилов ауданы «Победа» кеңшарының мектебінде математика және физика пәндерінің мұғалімі етіп жіберелді (1951). Семізбұғы мектебінде мұғалім, оқу ісінің меңгерушісі, директоры болды (1953).  Тың жерлерді игеру басталғанда «Кузнецкий»  тың кеншарында жаңадан ашылған мектеп-интернатын басқаруға жіберілді. Одан кейін Ульянов аудандық халыққа білім бері бөлімінің меңгерушісі. Ботақара селосындағы жаңа мектеп құрылысын  өзі басқарған (1975), осы мектепте директор болған. Дарынды тамаша адам 46 жыл еңбегін ұстаздыққа арналады. «Қазақ КСР халық ағарту озық қызметкері» (1967),  «КСРО ағарту ісінің озық қызметкері» (1990) белгілерімен, «Ерен еңбегі үшін» (1960) медалімен, облыстық білім бөлімінің Құрмет грамоталарымен марапатталған.

Яндекс.Метрика