Есипова Нина Антоновна

Есипова Нина Антоновна (22.11.1940 ж.т.) – ұстаз. Солтүстік Қазақстан облысы Петропавловск қаласының тумасы. Ата-анасының қоныс аударуына байланысты Қарағанды облысы Ткльман ауданы Токаревка кентінен онжылдықты бітіреді. Қарағанды педагогикалық институтында физика-математика факультетінде оқиды (1957-1962). Токаревка орта мектебінде физика, астрономия пәнінің мұғалімі (1962-1975), оқу-тәрбие ісінің меңгерушісі болады (1975-1985), кейін мектеп директорының орынбасары болады. Ұстаздық еңбегіндегі үлесі үшін «Қазақ КСР халық ағарту ісінің озық қызметкері» белгісімен марапатталған. 1997 жылдан құрметті демалыста.

Яндекс.Метрика