Асқарова Майгүл Насырқызы

Асқарова Майгүл Насырқызы (27.04.1971 ж.т.) – ұстаз, кіиапханашы, өлкетанушы, Қарағанды облысы Егіндібұлақ ауданы Арқалық (Тәттімбет атындағы) ауылының тумасы. Абай атындағы Саран педагогикалық училищесін бітірген (1991). Еңбек жолын «Алға» комсомол жастар бригадасында шопандықтан бастаған. Оқудан кейін Арқалық, Айрық орта мектептерінде ұстаздық еткен (1991-1998). Одан кейін Бұқар жырау аудандық мәдениет бөлімінде хатшы, аудандық кітапханада кітапханашы, әдіскер (1998-2003), аудандық әдеби-өлкетану мұражайының экскурсия жетекшісі (2003-2006) болады. Аудан тарихы туралы көптеген тың деректер тауып, ұмытылуға айналған жерлестеріміз Бекайдар би, Мәңкі батыр, халық ақыны А.Байсалбайұлы, Қ.Боранбаевтардың есімдерін жаңғыртып, мұраларын насихаттаушы. Аудандық мәдени шаралардың, шығармашылық кештердің жүргізушісі әрі сценарисі. «Аудан ардықтылары» өмірбаяндық-анықтамалық кітабы жұмыс тобының мүшесі

Яндекс.Метрика