Боцман Наталья Александровна

Боцман Наталья Александровна (1976 ж.т.)  хореограф, «Эдельвейс» би ансамблінің көркемдік жетекшісі. Теміртау қаласының тумасы. Теміртау қаласынан  орта мектепті бітірген (1993). Мектептен кейін Қарағандыдағы мәдени-ағарту колледжінде оқыған (1997). Одан кейінірек 2011-2006 жж. Омбы мемлекеттік университетінің хореография бөлімін сырттай оқып бітіреді. Мұстафин кентінде «Эдельвейс» атты бишілер ансамблімен жұмыс жасап, «Алақай». «Еркетай», «Бозторғай», «Хрустальный башмачок» конкурстарына қатысқан. Бүгінде аталмыш ұжым «халықтық» (2007) атағын алып, аудан намысын қорғап келе жатқан мақтан тұтар өнер ұжымдарымыздың бірі. Қазір Мұстафин кентіндегі мәдениет үйінің хореографы. Н.Боцман «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» медалімен марапатталған.

Яндекс.Метрика