Елжанов Жұмағали Айханбайұлы

Елжанов Жұмағали Айханбайұлы (25.11.1961 ж.т.) – ақын, әнші, әуесқой сазгер. Алғабас ауылының тумасы. 1978 жылы Қарағанды қаласындағы Жамбыл атындағы мектеп-интернатты бітірген. 1979 жылы Белағаш ауылына көшіп барған. 1980 жылы Отан алдындағы борышын өтеген. Әскер қатарынан оралған соң Керней ауылындағы кәсіптік училищеде оқып, механизатор мамндығын алып шығады. 1984-2000 жылдар аралығында Белағаш ауылында механизатор болғакн. 2000 жылдан  бастап Бұқар жырау аудандық мәдениет бөліміне қарасты «Зерде» бейнемобилінің қызметкерлері: А.Жанахметов, М.Тиыштыбаев, С.Құсбекова, М.Асқаровалардан құрылған «Самал» фольклорлық ансамблінің көркемдік  жетекшісі. Аталмыш ансамбль мүшелері мәдени ошақсыз елдерді аралап, репертуарларындағы тамаша халық  әндерін әуелете шырқап, елдің көңілін көтеріп, рухани азық беріп жүрген өнер ұжымы. Ж.Елжанов – аудандық, облыстық шараларда арнау-жырларымен танылып жүрген жыршы ақын. «Достарға», «Киндер сюрприз», «Қыз қашты» т.б. әзіл әндерімен талайлардың жүрегіне жол тапқан әнші-сазгер. Өлеңдері аудандық «Сарыарқа», облыстық «Орталық  Қазақстан» газеттеріне жарияналып тұрады.

Яндекс.Метрика