Жекенова Бағзи Сайфиддинқызы

Жекенова Бағзи Сайфиддинқызы (29.08.1954-02.01.2015) – кітапханашы, өлкетанушы. Ботақара кентінің тумасы. Қарағанды мәдени-ағарту училищесінің кіиапхана ісі факультетін бітірген (1981). Еңбек жолын аудандық «Колокольчик» , балалар бақшасында тәрбиеші болудан бастаған (1974-1976). Одан кейін аудандық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі (1981-1985). Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры (1985-2001), аудандық әдеби-өлкетану мұражайының тұңғвш меңгерушісі (2001-2002), аудандық кітапхананың әдіскері. Б.Жекенова кіиапхана ісі саласында өзіндік қолтаңбасы бар білікті маман. Шығармашылық ізденісінің арқасында кітапханада көптеген танымдық шаралар өткізіп, ауданның тарихына қатысты деректер мен жәдігерліктер жинақтап, аудандық мұражайдың ашылуына ерен еңбек еткен елінің қызы. Өз ортасына сыйлы да жігерлі Б.Жекенова көп жылғы еңбегі үшін «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл»  медалімен марапатталған. «Аудан ардақтылары» өмірбаяндық-анықтамалық кітабы жұмыс тобының мүшесі.

Яндекс.Метрика