Жұмакенов Қайролла

Жұмакенов Қайролла (23.08.1955 ж.т.) – белгілі флейташы. Төрткөл ауылының тумасы. Ауылдағы орта мектепті бітіріп, 1963-1973 жылдары А.Жұбанов атындағы республикалық музыкалық мектепте оқиды. Одан кейін  Құрманғазы атындағы Алматы Мемлекеттік консерваториясын. П.И.Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясының аспирантурасын бітірген. 1979 жылы Белоруссияда өткен КСРО жас флейташылары конкурсының, 1998 жылы АҚШ Оризона штатының Финикс қаласында өткен Халықаралық конкурстарының лауреаты. 1991 жылдан КСРО Білім министрлігі жоғары аттестациялық клмиссиясяның доценті, 2003 жылдан ҚР ғылым және білім министрлігінің проыессоры. Астанадағы Қазақ ұлттық музыка академиясының профессоры. Оның орындауындағы шығармалар Қазақ радиосының алтын қорында сақтаулы. ҚР Президентінің Құрмет грамотасымен (1994), «Ерен еңбегі үшін» медалімен (2003) марапатталған.

Яндекс.Метрика