Жұманова Раушан Әлібекқызы

Жұманова Раушан Әлібекқызы (23.08.1959 ж.т.) – жоғары дәрежелі мәдени қызметкер, халық аспаптары көркемөнерпаздары үйірмесі оркестрінің дирижері, заңгер. Ботақара кентінің тумасы. Қарағанды арнаулы музыка мектеп-интернатында скрипка сыныбы бойынша оқыған (1967-1977). Шымкент қаласындағы Әл-Фараби атындағы педагогикалық мәдениет институтын (1981), Қарағанды Мемлекеттік Университетінің заң факультетін (2006) бітірген. Қарағындағы Ленин ауданына қарасты № 3 автобус паркі комсомол ұйымының хатшысы (1981-1989). Бұқар жырау аудандық мәдениет үйінің директоры (1989 жылдан). Р.Ә.Жұманова ауданның мәдениетіне өзіндік үлесін қосып жүрген мәдени қызметкер. Ботақара кенті мәдениет үйіндегі «Дәурен-ай» ардагерлер хорын, «Рячбинушка» фольклорлық ансамблін, «Дуслық» татар, «Славяне» орыс-украин ұлттық мәдени бірлестіктерін ұйымдастырушы. Ауданда өткізілген мәдени шаралардың тамаша сценарисі. Ұжымында сыйлы әріптес, білікті басшы. Р.Жұманова  «Ең үздік ауылдық мәдениет қызметкері» номинациясы бойынша облыс әкімі сыйлығының иегері (2007).

Яндекс.Метрика