Кисиль Любовь Иосифовна

Кисиль Любовь Иосифовна (1.12.1952 ж.т.) – кітапханашы, аудандық Мәслихаттың депутаты (2007). Самара облысы Борс ауданы Комсомольское селосының тумасы. 1957 жылы тың жерлерді игеру үшін жіберілген ата-анасымен Қазақстанға, Қарағанды облысы Ульянов ауданының Кузнецкий (бүгінгі Тоғызқұдық) кеңшарына келеді. Осында орта мектепті аяқтап, Қарағанды мәдени-ағарту училищесінің кітапхана ісі факультетін бітірген (1969-1971). Осы жылдан бастап Тоғызқұдық селолық модельді кітапханасында кітіпханашы болып қызмет етіп келеді. Кузнецкий селолық Кеңесінің депутаты (1973-1994). 1995 жылдан Әйелдер Кеңесінің төрайымы. Жақсы еңбегі үшін «Еңбектегі қажырлылығы үшін» медалімен, «Мәдениет қайраткері» белгісімен (2000) марапатталған.

Яндекс.Метрика