Көшкімбаев Зейнел

Көшкімбаев Зейнел (Зейнолла; 1913-16.11.1956) – актер, ҚазКСР-нің еңбек сіңірген әртісі (1944). Тельман ауданының тумасы. Ж.Шашкина, М.Сүртібаев, Р.Қойшыбаева және тағы басқалармен бірге осы күнгі С.Сейфуллин атындағы облыстық қазақ драма театрының негізін қалаушылардың бірі. Арнаулы сахналық білім алған. 1929-1932 жж. Қарағанды шахтасында жұмысшы болады. 1932 жылдан Қарағанды қаласындағы жұмысшы жастар театрының (қазіргі Қарағанды облысы қазақ драма театры) спектакльдеріне белсене қатысты. 1934 жылдан бастап өмірінің соңына дейін осы театр сахнасында қызмет етіп, әр алуан рөлдерді ойнады. Орындаған рөлдерді қатарында Ғ.Мүсіреповтың «Қозы Қорпеш-Баян сұлуы» мен «Қыз Жібегінде» Қарабай, Бекежан, Н.Гогольдің «Ревизорында» Дуанбасы. М.Әуезов пен Ә.Әбішевтің «Намыс Гвардиясында» Панфилов, Ш.Құсайыновтың «Амангелдісінде» Аманегелді, М.Әуезовтың «Айман-Шолпан» мен «Абайында» Көтібар, Құнанбай және т.б. бейнесін сахнаға шығарып, тарихи тұлғаларды шебер сомдады.

Яндекс.Метрика