Масалова Мария Николаевна

Масалова Мария Николаевна (9.11.1957 ж.т.) – кітапханашы. Омбы облысының тумасы. Қарағанды мәдени-ағарту училищесін қызыл дипломаға бітірген (1980). Осы жылдан бастап Новоузенка селолық кітапханасында оқуда алған білімін еңбекте ұштастырып, оқырмандарына сыйлы бола біліп, жаңашылдық ізденіспен қызмет етіп жүрген кітапханашы. Қазіргі күні Новоузенка селолық модельді кітапханасының меңгерушісі М.Масалова еңбектегі жетістіктері үшін көптеген грамоталармен марапатталған.

Яндекс.Метрика