Оспанов Қанат Тайшыбайұлы

Оспанов Қанат Тайшыбайұлы (15.01.1950 ж.т.) – оқытушы,концерттік орындаушы, Доскей атындағы халық аспаптары оркестрінің жетекшісі. Қарағанды қаласының тумасы. Қарағанды қаласындағы облыстық саз мектебі домбыра сыныбының оқытушысы, кеншілер мәдениет сарайындағы балалар ұлт аспаптар оркестрінің жетекшісі (1974-1983). Арқалық қаласындағы Б.Байқадамов атындағы өнер мектебінің оқытушысы (1983-1988) бола жүріп, Алматыдағы Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерваториясында оқыған. Қарағанды қаласындағы Тәттімбет атындағы өнер колледжінің оқытушысы (1988-2002), қосымша Бұқар жырау ауданының Көктал селосындағы оркестр жетекшісі (1988-1995). 1998 жылдан Доскей атындағы халық аспаптары оркестрінің жетекшісі. 2002 жылдан Тәттімбет атындағы өнер колледжінің  ұлттық бөлімінің меңгерушісі. Ауданымыздың мақтан тұтар Доскей атындағы халық аспаптары оркестрін басқарып, шығармашылық жетістіктерге жеткізген Қ.Оспанов ұстаздық етуден жалықпай, талай шәкірттер баулып, республикалық конкурстардың 4 лауреатын, облыстық конкурстардың 21 лауреатын дайындаңан. Осынау айтулы еңбектері еленіп, «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі» белгісімен марапатталған.

Яндекс.Метрика