Сүртібаев Мүлік

Сүртібаев Мүлік (05.11.1917-24.05.1997) – актер, Қазақ КСР-ның халық әртісі (1955) Тельман ауданының тумасы. Сахналық өнер жолын (1933) бастады. Қарағанды облыстық драма театры жанындағы студияны бітіргеннен енйін осы театрдың негізгі құрамына қабылданды. Мұнда 1956 жылға дейін ойнап, Төлеген (Ғ.Мүсірепов, Е.Г.Брусиловский, «Қыз жібек»), Қозы (Ғ.Мүсірепов, «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу»), Қобыланды (М.Әуезов, «Қара қыпшақ Қобыланды»), Ыбырай (М.Ақынжанов, «Ыбырай Алтынсарин»), Алдар Көсе (Ш.Хұсайынов, «Алдар Көсе»), Хлестаков (Н.В.Гоголь, «Ревизор»), Труффальдино (К.Гольдини, «Екі мырзаға бір кезметкер»), Фердинанд (Ф.Шиллер, «Зұлымдық пен махаббат») секілді басты әрі бір-біріне ұқсамайтын әр алуан рөлдерді орындады. 1957 жылдан өмірінің соңына дейін Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театры құрамында жемісті еңбек етті.  Сүртібаевтың актерлік өнерінің табысқа толы жаңа өрлеу кезеңі де осы театр тарихымен тығыз байланысты болды; театр сахнасында сан алуан рөлдерде ойнап, өзінің көп қырлы сахна шебері екенін танытты. Буффонада мен эксцентрикаға бейім актер өнері үздіксахналық әрекетімен, пластикалық қимыл-қозғалысымен, бай мимикасымен ерекшеленді. Психологиялық сезім шындығына құралған Нұрша (М.Әуезов, «Қарагөз»), Әліш (Б.Майлин, «Майдан»), Жұман (Қ.Мұхамеджанов, «Жат елде»), Ленин (А.Я. Каплер, «Ленин 1918 жылы», Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлық, 1970), Жансүгір (Қ.Мұқашев, «Дала дастаны»), Атойшал (А.Сүлейменов, «Жетінші палата»), Сесускэ (М.Каору, «Шығыстағы бір бейбақ») рөлдерін Сүртібаев шығармашылығының белесті биігі ретінде ерекше атауға болады. 1936 және 1958 жылы Мәскеуде өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне қатысты. 1955 жылдан киноға түскен: Аңғарбай («Өжет қызда»), Мұрат («Біздің сүйікті дәрігерде», 1958), Мадияр («Ботагөзде», 1958), Маймұрын («Егер де біздің әрқайсымызда…», 1962), Қабақбаев («Ұлымда», 1962), Найыл («Ән қанатында», 1967), т.б. М.Сүртібаев актерлік шеберлігі үшін Еңбек Қызыл Ту, «Халықтар Достығы», «Құрмет белгісі» ордендерімен және медальдармен марапатталған.

Районная газета «Букар

Яндекс.Метрика