Тергеубекова Гүлбаршын Ыбырайқызы

Тергеубекова Гүлбаршын Ыбырайқызы (4.03.1971 ж.т.) – әнші, Егіндібұлақ ауданының тумасы. Бұқар жырау ауданына қарасты Ақтөбе селосы орта мектебінің түлегі (1988). Әншілік қабілетін алғаш танып, өнерге қанат қақтырған ұстазы Рымкеш Төлебайқызы атты ұстаз.  Қарағанды қаласы Тәттімбет атындағы колледжінде  сырттай оқи жүріп, Қарқаралыдағы қаласындағы «Салтанат» ансамблінде өнерін шындаған. Алматы қаласы Құрманғазы атындағы консерваторияға шақырту алып, домбырамен ән салу сыныбына қабылданып, халық әртісі Қайрат Байбосыновтан дәріс алады.

Яндекс.Метрика