Туровская Людмила Михайловна

Туровская Людмила Михайловна (1951 ж.т.) – кітапханашы. Семейдің Абай атындағы кітапханалық техникумын бітірген (1970).  Осы жылы Токаревкаға келіп, Тельман аудандық кітапханасының әдіскері (1972-1975), аудандық партия комитеті кітапханасының (1975-1990), Тельман аудандық кітапханасының меңгерушісі (1990-1997) қызметтерін атқарған. 1997 жылдан Ғ.Мұстафин атындағы кенттік көпшілік кітапхана меңгерушісі. Кітапханалық тәжірибесі мол Людмила Михайловна өз жұмысына жауапты, ізденімпаз, өз ісін жетік білетін кітапхана маманы.

Яндекс.Метрика