Түспекова Гүлнафис Мұхамедияқызы

Түспекова Гүлнафис Мұхамедияқызы (15.12.1957 ж.т.) – кітапханашы. Семізбұғы ауылының тумасы. Қарағанды мідени-ағарту училищесінің кітапхана ісі факультетін бітірген (1991). Еңбек жолын Ульянов аудандық кітапханасының оқырмандарға қызмет көрмсету бөлімінің меңгерушілігінен бастаған (1976-1978). Одан кейін аудандық кітапхананың суретші-көркемдеушісі, аудандық кітапхана меңгерушісі (1987-2004) болады. 2004 жылдан бастап орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің кітапханаларын және өлкетануды дамыту бөлімінің меңгерушісі. Г.Түспекованың кітапханадағы безендірулері, жылжымалы көрмелері үнемі жоғары бағаға ие болған. Әдіскерлік қызметінде селолық кітапханарға жақсы әдістемелік көмектер беріп, келелі тақырыптарға лездеме,  тренингтер өткізіп, жаңаша жұмыс түрлерін үйретіп жүрген жаңашыл әдіскер. 2005 жылы Алматыда мәдениет қызметкерлерінің біліктілігін көтеру республикалық курсынан өткен. Қарағанды облыстық мәдениет департаментінің Алғыс хатымен  марапатталған. «Аудан ардақтылары» өмірбаяндық-анықтамалық кітабы жұмыс тобының мүшесі.

Яндекс.Метрика