Хамзина Гүлнар Мұстақымқызы

Хамзина Гүлнар Мұстақымқызы (17.09.1961 ж.т.) –  әнші, Астана қаласындағы Мемлекеттік филармония әншісі, Қазақ Ұлттық Музыка Академиясының оқытушысы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі (1998). Тоғызқұдұқ ауылының тумасы. Туған ауылынан орта мектепті бітірген (1978). Қарағанды мәдени-ағарту училищесінде дирижер-хор бөлімінде оқып, қызыл дипломмен аяқтаған (1978-1981). Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының вокал-хор бөлімінде ҚР-ның еңбек сіңірген әртісі С.Г.Құрмангалиевадан дәріс алып, жеке дауысты әнші мамандығын алып шығады (1981-1990). Осы консерватория жанындағы опера студиясының әншісі (1990-1995). Қ.Байсейітова атындағы республикалық әншілер конкурсының жүлдегері (1991). Қ.Қуанышбаев атындағы Ақмола қазақ музыкалық драма театрының әртісі, қазақ халық аспаптары оркестрінің әншісі (1995-1998). Г.Хамзина шығармашылығын шындап, гастрольдік сапарлармен Қазақстанның көптеген қалаларында, Ресейдің Новосібір, Омбы, Мәскеу қалаларында, Франция, Польша, Қытай елдеріне шығып, халықаралық конкурстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болған, жеке концерттік бағдарламарымен өнер көрсеткен. 1998 жылдан Астанадағы Мемлекеттік филармония әншісі.

Яндекс.Метрика