Шакенова Айжан Қойшыбайқызы

Шакенова Айжан Қойшыбайқызы (29.08.1969 ж.т.) – ұстаз, әуесқой сазгер, «Жас қанат» облыстық байқауының лауреаты (2000). Токаревка кентінің тумасы. Токаревка орта мектебінің, сондағы музыка мектебінің түлегі. Қарағанды мәдени-ағарту училищесін дирижер-хор мамандығы бойынша үздік бітіріп, Қарағанды кооперация институтына студенттер клубының көркемдік жетекшісі болып қабылданды. КарМУ-ді бітірді (2003). 1986 жылғы желтоқсан оқиғасына қатысқан. Қарабас кентінің Мәдениет үйінде әдіскер, музыка студиясының жетекшісі (1988-1992), Самарқан ауылының Ленинск орта мектебінде музыка және ән пәнінің мұғалімі, директордың тәрбие жұмысы бойынша орынбасары (1992-1998). «Айхан» мәдениет үйінің директоры (1998-2005). Қарағанды қаласы облыстық ғылыми-әдістемелік орталығының әдіскері (2005), Қ.Байжанов  атындағы концерттік бірлестігінің дәріскер-музыкатанушысы(2007). «Мой Казахстан», «Родная Земля», «Гимн Бухар жыраускому району», «Баллада об отце», «Песня о Караганде» әндерінің авторы. ҚР Президентінің Алғыс хатымен (2001), облыстық, аудандық әкімдерінің грамоталарымен марапатталды.

Яндекс.Метрика