Шибаева Мүгүлсім Ғұбайдоллақызы

Шибаева Мүгүлсім Ғұбайдоллақызы (05.02.1954 ж.т.) – кітапханашы, «Мәдениет қайраткері» (2000). Семізбұғы ауылының тумасы. Қарағанды мәдени-ағарту училищесін (1975), Шымкент қаласындағы әл-Фараби атындағы педагогикалық мәдениет институтын  (1984) бітірген. Ульянов аудандық балалар кітапханасының кітапханашысы (1971-1973), аудандық кітапхананың әдіскері, кейін аға әдіскері (1975-1976), әдістемелік-библиографиялық бөлім меңгерушісі (1980-1982), орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры (1982-1985), аудандық мәдениет бөлімінің меңгерушісі (1985 жылдан), қазіргі күні Бұқар жырау аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы. М.Шибаева ауданның мәдени өмірін жандартып, еліне ерен үлес қосып жүрген айтылу азаматша. Оның шалқар шабытының арқасында «Шырқа, көп үнді тіліміз» фестивалі, «Ауыл кеші көңілді» селолық округтері көркемөнерпаздарының дәстүрлі байқауы өмірге келіп, талай таланттар көзін ашып, өнерге қанат қақтырып жүрген рухани ұлар, білікті басшы. «Мемлекеттік тіл – мейірім» бағытында түрлі шаралар ұйымдастырып ауданда қазақ тілін өрістетуде аянбай еңбек етіп жүрген тіл жанашары. 2013 жылы М.Ғ.Шибаева «Бұқар жырау аудынының құрметі азаматы» атағы берілді және мәдениетке қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатымен сондай-ақ, көптеген грамоталармен марапатталған.

Яндекс.Метрика