Шыныбектегі Қалиасқар Мықтыбайұлы

Шыныбектегі Қалиасқар Мықтыбайұлы (27.02.1965 ж.т.) – журналист, ақын, әнші-күйші, сазгер. Алабас ауылының тумасы. Ауылдағы орта мектепте оқыған (1972-1982). Отан алдындағы борышын өтеп, әскер қатарында болған (1983-1985). Қарағанды қаласындағы Тәттімбет атындағы саз колледжінің контрабас, домбыра аспаптары сыныбын тәмамдаған(1985-1989). 1999 жылы Қарағанды мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. Аудандық №1 орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі. Бірнеше жыл аудандық «Сарыарқа» газетінде тілші болған, бүгін де штаттан тыс тілші.  Ұстаздық қызметпен қатар, өнер өркесінде өрлеп, шығармашылықпен айналысып жүрген дарынды жан. Танымал ақындардың өлеңдеріне әсем әуен жазып, «Үкілім-ай, балым-ай», «Таңданба», «Қариялар-дариялар» әндерімен танылып жүрген тамаша сазгер. 50-ден аса әндер мен 10-ға тарта күйлердің, 10-15 шақты әңгіме-новеллалардың авторы. Кейінгі кездерде поэзияда да бағын сынап жүрген қарымды қаламгерлеріміздің бірі

Яндекс.Метрика