Ақмәди Қамшыбай

Ақмәди Қамшыбай (1957 ж.т.) – саятшы. Монголияның Баян-Өлгий өлкесінің тумасы. 1979 жылдан аңшылықпен айналысады. 1996 жылы Қазақстанға қоныс аударған. Ақөре селосындағы шаруа қожалығында жұмыс істеген. Мүрсәлім деген жерден бүркіттің балапанын ұясынан қолға түсірген. Екі иығындағы ақ дағына бола құсын «Ақиық» деп атаған. Осы бүркіт балапанын баптап, саятшылықта 8 түлкі аулаған. Қазір Қамшыбай саятшы Ақиық құсымен Орта Азия саятшылары олимпиадасына қатысуға мақсат қойып отыр.

Яндекс.Метрика