Ақтан Бейсенбеков

Ақтан Бейсенбеков (шын есімі Ахмадия) – аңшы, әнші, орманшы.  Тельман ауданының Бірінші май, Ульянов ауданының Үлгі ұжымшарларындағы және Семізбұғы кенішіндегі  мектептерде оқыған. Қарағандыдағы «Майқұдық» шахтасында кенші болған. Көкшетау облысында Шортандыда орман шаруашылығы қызметкерлерінің білімін жетілдіретін Бүкілодақтық институттың қазақ филиалында оқуда болған (1983). Облыстық аңшылар қоғамының мүшесі болған. 1978 жылдан мемлекетке ірілі-ұсақты үш жүзге жуық жыртқыш тапсырған. Аңшылық өнер аталарынан дарыған. Қарағанды облыстық радиохабары комитетінің мұрағатында Ақтан әншінің шырқаған халық әні «Ардақ» сақтаулы. Аңшылықтың қыр-сырын жетік меңгерген Ақтан аңшы қазір Ақжар ауылында тұрады.

Яндекс.Метрика