Бәкеев Серғазы

Бәкеев Серғазы – бокстан КСРО спорт шаберлігіне кандидат, жоғары дәрежелі жаттықтырушы-ұстаз. Қарқаралының тумасы. Қарағанды мемлекеттік университетін бітіріп, ауылдағы балаларды жинап, бокстың қырсырына баулиды. Ұстаздың еңбек жолында мақтан етерлік екі шәкірті бар. Олар – бокстан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Азия чемпионы, Атланта олимпиадасына қатысқан Бектас Әубәкіров және Қазақстанның, Азияның бірнеше дүркін чемпионы, Барселона олимпиадасына қатысқан, 1994 жылғы әлем кубогының жеңімпазы, Қазақстанға еңбегі сіңген спорт шебері Аркадий Топаев. Осындай жетістіктері бар жаттықтырушы С.Бәкеев Қарағанды облыстық арнаулы балалар мен жасөспірімдердің олимпиадалық ізбасарлар мектебінде, Бұқар жырау ауданының Үштөбе орта мектебіндегі балалармен жұмыс жасап, жарыстарға қатыстырып, біршама жетістіктерге жетіп отырған тәжірібелі ұстаз. Үштөбе орта мектебіндегі оның шәкірттері халықаралық турнирдің жүлдегерлері: Ақберген Ахметов (күміс), Шахин Сенім (қола), республикалық: Қазезов Арман (күміс), облыстық: Садықов Нұрлан (күміс).

Яндекс.Метрика