Зікіров Абай Құрмашұлы

Зікіров Абай Құрмашұлы (14.06.1961 ж.т.) – қаржы қызметкері, КСРО спорт шебері, ҚР еңбегі сіңген жаттықтырушысы. Жаңақала ауылының тумасы. 1970 жылы Пушкин атындағы кеңшарға көшіп, 1979 жылы Пушкин орта мектепті бітірді.  1979-1981 жылдары әскер қатарында болды. 1982-1984 жылдары КСРО мемлекеттік банкісінің есептік-кредиттік техникумында оқып, 1991 жылы ҚарМУ-ді «қаржы және кредит» мамндығы бойынша аяқтады. Еңбек жолын мамандығы бойынша Қостанай облысында бастап, Ульяновский аудандық қаржы бөлімінде, аудандық атқару комитетінде, аудандық агроөнеркәсіп бірлестігінің ревизоры, селолық энергошаруашылығының бас бухгалтері қызметтерінде болды (1987-1996). Саран қаласында салық инспекциясында (1997-1998), Көкшетау қаласында Валют-транзит полюсының директоры (1998-2000), Астана қаласында Тәртіптік кеңесінде (2001-2003) қызметтер атқарған. Қазір кәсіпкер, «Айдарқұс» ЖШС директоры (2003-2008). Қоғамдық жұмыстарға белсене араласады. Астана қаласындағы қазақша күрес  федерациясының Президенті және ҚР қазақша күрес федерациясының вице-президенті. А.Зікіровтың ұйымдастыруымен қазақша күрестен Қ.Д.Зікіров атындағы 1 ашық республикалық турнир 2007 жылы Ботақара кентінде өткізіліп, спорт министрлігінің күнтізбесіне енгізілді. 2008 жылы дәстүрлі турнир халықаралық деңгейінде өткізілмек. Самбо және қазақша күрес бойынша  КСРО-ның спорт шебері, республикалық және облыстық жарыстардың бірнеше дүркін чемпионы. ҚР еңбегі сіңген жаттықтырушысы А.Зікіровтың шәкірттері: Т.Қожабаев (самбодан әлем чемпионы), Ғ.Сейдалинов (қазақ күресінен әлем чемпионы).

Яндекс.Метрика