КГУ "Централизованная" библиотечная система
Бухар-жырауского района"
акимата Бухар-жырауского района

Uncategorized
Posted in

«Алаштың ақырғы ақиығы»: Әлімхан Ермековтың туғанына 135 жыл.

Posted in

Алаш қозғалысының көрнекті қайраткері, тұңғыш қазақ профессоры Әлімхан Ермековтың туғанына 135 жыл толуына орай Доскей ауылдық кітапханасы оқырмандарына арналған «Алаштың ақырғы ақиығы» атты тарихи экскурс өткізілді.Шара барысында кітапханашы оқырмандарға Әлімхан Ермековтың өмірі мен қазақ жерін сақтап қалудағы, ғылым мен білімді дамытудағы ерен еңбектері туралы қызықты етіп айтып берді. Әңгіме барысында арнайы дайындалған слайд-презентация көрсетіліп, оқырмандар ақын-қайраткердің ескі суреттері мен тарихи құжаттарын тамашалады. Мәліметтерді бекіту және шараны қызықтырақ ету мақсатында оқырмандар арасында викториналық сұрақ-жауап ойыны ұйымдастырылды. Қатысушылар сұрақтарға белсене жауап беріп, өздерінің тарихи білімдерін көрсете білді. Шара өте жақсы өтті және қатысушыларға өте ұнады.

Оставить отзыв