Ростовка ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен Қызылжар ауылының спорт кешенінде оқырмандардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру, кітап оқу мәдениетін қалыптастыру және әдеби білімдерін кеңейту мақсатында «КітапTime» фестивалі өтті.
Фестиваль барысында қатысушылар кітап әлеміне саяхат жасап, сүйікті шығармалары туралы ой бөлісті, кітаптарды таныстырып, әдеби тақырыптағы қызықты ойындар мен танымдық тапсырмаларға белсене қатысты.
Шара барысында кітаптың адам өміріндегі маңызы, оның білім мен рухани дамудың қайнар көзі екені кеңінен насихатталды. Қатысушылар өзара пікір алмасып, кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыра түсті.
Нәтижесі:
Қатысушылардың кітап оқуға деген ынтасы артып, әдеби шығармаларға қызығушылығы күшейді. Кітап оқу мәдениетін қалыптастыруға бағытталған танымдық әрі шығармашылық белсенділік қалыптасты.
Түйіні:
Кітап – білімнің бастауы, ойдың азығы, рухани дамудың негізі. Кітаппен дос болған ұрпақтың дүниетанымы кеңейіп, ойы тереңдейді. Сондықтан кітап оқуды күнделікті өмірдің ажырамас бөлігіне айналдыру – маңызды міндет.
Кітап оқиық, ой бөлісейік, білімімізді бірге арттырайық!
Жаңалықтар
Posted in
«КІТАПTIME – БІЛІМ АЛАҢЫ!»
Posted in
