Шешенқара ауылдық кітапханасында «Кітапқұмарлар» жастар оқырмандар клубының ұйымдастыруымен қазақ әдебиетінің жауһары — Әзілхан Нұршайықовтың «Махаббат, қызық мол жылдар» романы бойынша «Махаббат пен мәңгілік адалдық: бүгінгі жастар не дейді?» атты мазмұнды ой-талқы кеші өтті.
Кеш барысында не талқыланды?
Ербол мен Ментайдың кіршіксіз махаббаты мен өмірлік ұстанымдары;
Бүгінгі жастардың көзқарасындағы шынайы сезім, достық және адалдық құндылықтары;
Кітаптан алынған жүрекке жылы тиер үзінділер мен әсерлі пікірлер.
Қатысушылар «Кітап оқы, ой бөліс, пікіріңді айт!» ұранымен өз ойларын ортаға салып, рухани азық алып қайтты. Осындай мазмұнды кештер жастарымыздың кітапқа деген қызығушылығын арттыра беретіні сөзсіз!
Жаңалықтар
Posted in
«Махаббат пен мәңгілік адалдық: бүгінгі жастар не дейді?» ой-талқы кеші
Автор Редакция библиотеки 0 on «Махаббат пен мәңгілік адалдық: бүгінгі жастар не дейді?» ой-талқы кеші
Posted in
