КГУ "Централизованная" библиотечная система
Бухар-жырауского района"
акимата Бухар-жырауского района

Жаңалықтар

«Оқыған ұрпақ – озық ойлы ұлт» зияткерлік әдеби алаңы

«ОҚЫҒАН ҰРПАҚ – ОЗЫҚ ОЙЛЫ ҰЛТ» зияткерлік әдеби алаң.
Ростовка ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен мектеп оқушылары арасында «Оқыған ұрпақ – озық ойлы ұлт» атты зияткерлік әдеби алаң өткізілді.
Іс-шара барысында оқушылар «Ауылдан шыққан миллионер», Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя», «Мәңгілік бала бейне», Джонатан Свифттің «Гулливердің саяхаттары», Шыңғыс Айтматовтың «Ақ кеме» шығармалары мен Дейл Карнегидің кітабын талқылады.
Қатысушылар оқыған кітаптарының мазмұны мен негізгі идеясын ортаға салып, кейіпкерлердің әрекеттеріне баға берді. Әр шығарма бойынша өз көзқарастарын білдіріп, алған әсерлері мен өмірлік сабақтарын бөлісті.
📌 Нәтижесі: Оқушылардың әдеби танымы кеңейіп, сыни ойлау, талдау және өз пікірін еркін жеткізу дағдылары жетілді.
🌿 Түйін: Кітап оқитын ұрпақ – ойы терең, танымы кең, болашағына сеніммен қарайтын ұрпақ. Оқырмандық мәдениетті қалыптастыру – озық қоғамға бастар маңызды қадам!
Қатысушылар саны — 8 адам.

#ЗерделіҰлт#КітапОқитынҰлт@kitap_oqityn_ult@kitapoqitynult_krg@qazaqsta_kitaphanalar_odagy

Оставить отзыв