«Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында Аудандық балалар кітапханасында «Тағдыр тарландары» атты интеллектуалды ойын өткізілді.
Іс-шара барысында оқырмандарға қазақ әдебиетінің көрнекті жазушысы Қабдеш Жұмаділовтің өмірі мен шығармашылығы туралы мазмұнды презентация ұсынылды. Сонымен қатар қаламгердің тарихи тақырыпқа арналған «Тағдыр» романы таныстырылып, шығарманың мазмұны, негізгі кейіпкерлері мен көтерілген өзекті мәселелеріне тоқталынды.
Таныстырылымнан кейін қатысушылар арасында роман желісі мен жазушының шығармашылығына арналған интеллектуалды ойын ұйымдастырылып, түрлі деңгейдегі сұрақтар қойылды. Балалар белсенділік танытып, өз білімдерін ортаға салып, тапқырлықтары мен кітапқа деген қызығушылықтарын көрсетті.
Осындай танымдық іс-шаралар жас оқырмандардың кітап оқуға деген сүйіспеншілігін арттырып, ұлттық әдебиетімізді тереңірек танып-білуге мүмкіндік береді.
Кітап – рухани қазына, ал оны оқу – жарқын болашаққа бастар жол!
