17 қараша күні Ғ.Мұстафин кенттік кітапханасының коворкинг залында «Өлең – өмірдің үні, сөз жүректің тілі» атты әдеби кеш қазақ әдебиеті мен мәдениетінің көрнекті өкілдері Айтбай Хангелдин мен Мәриям Хакімжанованың 120 жылдық мерейтойына арналып өткізілді.
Шараның мақсаты – қаламгерлердің өмір жолы мен шығармашылық мұрасын насихаттау, олардың әдебиет пен қоғамдағы орнын жас ұрпаққа таныстыру.
Кеш барысында қатысушыларға мерейтой иелерінің өмірбаяны мен шығармашылығы туралы мәліметтер берілді. Ақындардың өлеңдері мен шығармаларынан үзінділер оқылып, олардың әдеби мұрасының тәрбиелік және танымдық маңызы насихатталды. Сонымен қатар кітапханада бар кітаптармен оқырмандарды таныстырып өттік.
Іс-шара соңында қатысушылар өз пікірлерімен бөлісіп, мерейтой иелерінің шығармаларын оқуға қызығушылық танытты. Әдеби кеш жоғары деңгейде өтіп, оқырмандардың рухани-танымдық білімдерін толықтыруға ықпал етті.
Жаңалықтар
Posted in
«Өлең – өмірдің үні, сөз жүректің тілі» әдеби кеші
Posted in
