6 шілде – Қазақстанда мемлекеттік мереке болып саналатын Астана күні. Бұл күн Қазақстан астанасын Алматыдан Ақмолаға ауыстыру туралы тарихи шешім қабылданған күннің құрметіне атап өтіледі.
Доскей ауылдық кітапханасы мерекеге арналған «Астана — арман қала» тақырыбымен ауылдағы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы орта мектеп жанындағы жазғы лагерь және ауылдағы кітапхана ұжымымен бірлескен шара өткізіп, экраннан Астана қаласы бойынша бірнеше танымдық видеоэкскурс көрсетті, «Мақтанышым-Астанам» видеоәні тыңдалды. Әдеби көркемсуретті кітаптармен таныстырылып, викторина ойнатылды.Балалар Ақорда,Үлкен мешіт, Пирамида,Бәйтерек суреттерін пазл жүйесі бойынша жинап шығып, тәтті сыйлықтарын алды.
Uncategorized
Posted in
«Астана — арман қала»
Posted in
