Аудандық балалар кітапханасының оқу залында балалардың сүйікті басылымы – «Жыл он екі ай» журналының 25 жылдық мерейтойына арналған «Жанға жақын – «Жыл он екі ай» атты библиожурфикс өтті.
Шараға С.Торайғыров атындағы тірек мектебінің жазғы лагерь тәрбиеленушілері қатысып, журналдың тарихымен, қызықты айдарларымен танысты. Балалар танымдық ойындарға қатысып, жұмбақтар шешіп, викториналық сұрақтарға жауап берді. Сонымен қатар журналдың әр жылдары жарық көрген сандарынан ұйымдастырылған көрмені тамашалады.
Кездесу барысында жас оқырмандар өздерінің сүйікті кейіпкерлері мен мақалалары туралы пікірлерін бөлісіп, белсенділік танытты. Шара қызықты әрі әсерлі өтіп, балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
«Жыл он екі ай» – бірнеше буын оқырманның сүйікті журналы. Мерейтой құтты болсын!
#ЖылОнЕкіАй25#БалаларКітапханасы#ОқуМәдениеті#БалаларӘдебиеті#ЖазғыЛагерь
