КГУ "Централизованная" библиотечная система
Бухар-жырауского района"
акимата Бухар-жырауского района

Жаңалықтар

«Кітап оқитын ұлт»: «Кітап + кофе» акциясы

Үштөбе ауылдық кітапханасында «Кітап оқитын ұлт» марафоны аясында қазақ әдебиетінің көрнекті жазушысы Бердібек Соқпақбаевтың «Балалық шаққа саяхат» шығармасына арналған «Кітап + кофе» акциясы ұйымдастырылды.
Акцияның мақсаты – оқырмандардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, қазақ әдебиетінің құнды шығармаларын насихаттау және кітап оқу мәдениетін қалыптастыру.
Шара барысында қатысушылар жазушының өмірі мен шығармашылығына тоқталып, «Балалық шаққа саяхат» шығармасының мазмұны мен тәрбиелік мәні туралы ой бөлісті. Кітап пен хош иісті кофені үйлестірген бұл кездесу қатысушыларға ерекше көңіл күй сыйлады.
#ЗерделіҰлт
#КітапОқитынҰлт
@kitap_oqityn_ult @kitapoqitynult_krg @qazaqstan_kitaphanalar_odagy

Оставить отзыв