КГУ "Централизованная" библиотечная система
Бухар-жырауского района"
акимата Бухар-жырауского района

Жаңалықтар

«Кітап оқитын ұлт» республикалық марафоны

Аудандық орталық кітапханада республикалық «Кітап оқитын ұлт» марафоны аясында жеті бағытты қамтитын «Оқитын ұлт: жеті бағыт – бір мақсат» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды:

🎓 «Оқитын мектеп» — мектеп оқушылары мен жасөспірімдерге арналған үздік әдебиеттер.

📜 «Оқитын колледж» — кәсіби білім алушы жастардың танымын кеңейтетін кітаптар.

🏫 «Оқитын университет» — жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған ғылыми және интеллектуалды еңбектер.

👩‍🏫 «Оқитын педагог» — ұстаздар мен тәрбиешілердің кәсіби шеберлігін арттыратын әдістемелік құралдар.

👥 «Оқитын әулет» — отбасылық құндылықтар мен бірге оқу дәстүрін дәріптейтін шығармалар.

🏛️ «Оқитын мемлекеттік қызметші» — басқару, құқық және мемлекеттік іс-тәжірибе бағытындағы еңбектер.

🧠 «Оқитын интеллектуал» — тұлғалық даму, логика мен заманауи трендтерді қамтитын бестселлерлер.

Көрмеде осы бағыттар бойынша кітаптар, арнайы қойылған QR-кодтар мен сілтемелер арқылы кітаптардың электронды нұсқасын жүктеп алуға болады. #кітапоқитынұлт#жетібағыт

Оставить отзыв