КГУ "Централизованная" библиотечная система
Бухар-жырауского района"
акимата Бухар-жырауского района

Жаңалықтар

«Менің анам. Менің әкем» атты кітабының тұсаукесері

Ботақара кентіндегі Мәдениет үйінде кітапханашы-әдіскер, өлкетанушы Майгүл Насырқызының 55 жас мерейтойына және «Менің анам. Менің әкем» атты кітабының тұсаукесеріне арналған «Ер мінезді ерке қыз» атты шығармашылық кеш өтті.
Салтанатты жиында аудан әкімі Ерлан Құсайын мерейтой иесін құттықтап, иығына шапан жапты. Сондай-ақ Майгүл Насырқызының білім, мәдениет және руханият салаларына қосқан үлесін атап өтіп, шығармашылық еңбегіне толағай табыс тіледі.
Майгүл Насырқызы саналы ғұмырын ұстаздыққа, кітапхана ісіне және туған өлке тарихын зерттеуге арнап келеді. Оның бастамасымен және қатысуымен аудан тарихына арналған бірқатар құнды еңбектер жарық көрді. Олардың қатарында «Аудан ардақтылары», «Бұқардан бүгінге дейін», «Бабадан қалған дана сөз» секілді жинақтар бар.
Ал «Менің анам. Менің әкем» кітабы – ата-ананың өмір жолын, әулет шежіресін, ұрпақтар сабақтастығын арқау еткен жүрекжарды еңбек. Бұл туынды отбасылық құндылықтарды дәріптеп, өткеннің өнегесін келер ұрпаққа жеткізуді мақсат етеді.
Кеш барысында мерейтой иесінің шығармашылық жолы кеңінен таныстырылып, өнер көрсетілімдері мен естеліктерге кезек берілді. Сондай-ақ әріптестері мен қадірлі қонақтар ізгі тілектерін білдіріп, еңбегіне лайық құрмет көрсетті.

Оставить отзыв