Үштөбе ауылдық кітапхана ұйымдастыруымен көшеде «Табиғатты аялау — болашақты қорғау» атты экологиялық серуен акция өткізілді. Іс-шараның мақсаты – жасөспірімдердің табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру, қоршаған ортаны қорғауға жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу және экологиялық мәдениетін қалыптастыру.
Акция барысында жасөспірімдермен экология тақырыбында танымдық әңгіме жүргізіліп, табиғатты таза ұстаудың, ағаштар мен өсімдіктерді қорғаудың, қоқысты сұрыптап тастаудың маңыздылығы түсіндірілді. Қатысушылар қоршаған ортаны аялау – әр азаматтың ортақ міндеті екенін түсініп, табиғатты қорғауға өз үлестерін қосуға шақырылды.
