КГУ "Централизованная" библиотечная система
Бухар-жырауского района"
акимата Бухар-жырауского района

Жаңалықтар

«Таза Қазақстан» – таза болашақ кепілі

«Таза Қазақстан» – таза болашақ кепілі

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Қарақұдық ауылдық кітапханасында оқушылар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қоршаған ортаны қорғауға деген жауапкершілікті арттыру және табиғатты аялауға тәрбиелеу мақсатында ақпараттық-танымдық жұмыс жүргізілді.

Іс-шара барысында оқушыларға «Таза Қазақстан» акциясының маңызы түсіндіріліп, табиғатты қорғау, қоршаған ортаның тазалығын сақтау, туған жерді көркейту және экологиялық тәртіпті ұстану жөнінде мәліметтер берілді. Кітапханадағы тақырыптық стенд таныстырылып, табиғатты қорғау мен экологиялық тәрбиеге арналған кітаптар мен ақпараттық материалдар ұсынылды.

Сонымен қатар оқушылар арасында табиғатты аялауға, қоршаған ортаны таза ұстауға және экологиялық жауапкершілікті арттыруға бағытталған «Таза Қазақстан» акциясына арналған ұсынымдық әдебиеттер тізімдері таратылды.

Оставить отзыв