Қарақұдық ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен Қарақұдық ауылдық клубында жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімін қалыптастыру, Республика күні туралы білімдерін тереңдету, елін, жерін құрметтеуге тәрбиелеу, шығармашылық және интеллектуалдық қабілеттерін дамыту, білімді де белсенді жастарды анықтау мақсатында Республика күніне орай жасөспірімдер арасында «ХХІ ғасыр көшбасшысы» атты интеллектуалды ойын өткізілді. Іс-шара барысында қатысушыларға Қазақстан Республикасының тарихы, мемлекеттік рәміздері, ұлттық құндылықтары, белгілі тарихи тұлғалар, әдебиет пен мәдениет салалары бойынша танымдық сұрақтар қойылды. Интеллектуалды ойын үш бөлімнен тұрды:
І бөлім – «Бәйге». Қатысушылар Қазақстан тарихы, мемлекеттік рәміздер, география және ұлттық құндылықтар бойынша сұрақтарға жауап беріп, білімдерін сынады.
ІІ бөлім – «Жорға». Ойыншыларға жеке-жеке сұрақтар қойылып, олардың шапшаңдығы, тапқырлығы және білім деңгейі бағаланды.
ІІІ бөлім – «Дода». Қатысушылар «Тарих», «Тұлға», «Әдебиет» тақырыптары бойынша сұрақтар таңдап, күрделілігіне қарай ұпай жинады. Ойын соңында әділқазылар алқасы қатысушылардың жинаған ұпайларын есептеп, жеңімпазды анықтады. Үздік нәтиже көрсеткен М. Мейірбек жеңімпаз атанды. Барлық қатысушылар диплом мен мадақтама қағаздармен марапатталды.
Жаңалықтар
Posted in
«ХХІ ғасыр көшбасшысы» интеллектуалды ойын
Posted in
