«Ұлттық құрылтай – ел бірлігінің негізі» атты ақпараттық-танымдық кездесу өтті
17 маусым күні Аудандық кітапхананың оқу залында «Ұлттық құрылтай – ел бірлігінің негізі» атты ақпараттық-танымдық кездесу (дөңгелек үстел) ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында қатысушылар Ұлттық құрылтайдың қоғамдағы рөлі, оның ел бірлігін нығайтудағы маңызы, қоғамдық келісім мен ұлттық құндылықтарды дәріптеудегі орны туралы пікір алмасты. Сондай-ақ Мемлекет басшысы көтерген бастамалар мен ұлттық дамудың өзекті бағыттары талқыланды.
Кездесу еркін пікір алмасу форматында өтіп, қатысушылар өз ойларын ортаға салып, ел болашағына қатысты маңызды мәселелер жөнінде көзқарастарын білдірді. Шара жастардың азаматтық жауапкершілігін арттыруға, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге және қоғамдағы бірлік пен татулықты насихаттауға ықпал етті.
