КГУ "Централизованная" библиотечная система
Бухар-жырауского района"
акимата Бухар-жырауского района

Жаңалықтар

«Оралхан Бөкей – қазақ әдебиетінің дара тұлғасы» әдеби-танымдық іс-шара

Доскей ауылдық кітапханасы «Оқитын ұлт» жобасы аясында Оралхан Бөкейдің туған күніне орай А. Байтұрсынұлы атындағы орта мектептің акт залында «Оралхан Бөкей – қазақ әдебиетінің дара тұлғасы» әдеби-танымдық іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шара барысында жазушының өмірі мен шығармашылығына арналған «Кербұғыдай кербез қаламгер» кітап көрмесі таныстырылып, қатысушыларға жазушының шығармалары туралы ақпарат берілді. Оқушыларға Оралхан Бөкейдің әдеби мұрасын насихаттайтын жаднамалар таратылып, сұрақтар қойлды, жазушының өмірі мен шығармашылығына арналған бейнеролик көрсетілді. Іс-шараға қатысқан 10-сынып оқушылары Оралхан Бөкейдің өмірі мен шығармашылығы туралы баяндама жасап, жасоспірімдерге. Сонымен қатар оқушылар жазушының шығармаларына қызығушылық танытып, кітапхана қорындағы әдебиеттермен танысты. Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылар арасында кітап оқуды насихаттау, қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Оралхан Бөкейдің шығармашылық мұрасын кеңінен таныстыру және жас ұрпақты көркем әдебиет оқуға тарту.

Оставить отзыв