Ақпараттық көрмелермен таныстырылды. (кітапханашы Сабина Дарханқызы)
«Қара майор отряды», «Мен көрген соғыс» атты видеороликтер көрсетілді.
Бұл кездесуге Қарағанды қаласы ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектерінің «Ардагер» қоғамдық ұйымының төрағасы Хасенов Талғат Болатұлы, Жұматаев Айтбай Мұхтарұлы, Тоқтабеков Серғали Жұмағұлұлы, Отарбаев Серік Хамитұлы, Жақанов Самат Әсетұлы, Маханов Нұрболат Кәрібайұлы, Әлімжанов Сұлтан Балышкенұлы қатысты. Ауыл әкімдігінің бөлім басшысы Нүркеш Нұрланұлы, М.Т.Досымбековтер құттықтап, ардагерлерге өз тілектерін білдірді.
Танымдық кездесуді «Әлқисса»домбырашылар ансамблі Н.Тілендиевтің «Әлқисса» күйімен ашты.( жетекшісі Назгүл Мақсұтқызы).
«Соғыс деген қаралы ұғым. Ауған соғысында қаза болғандар әрқашанда есімізде қалады.» Еске алып, бір минут үнсіздіктен соң сөз кезегі ардагерлерге берілді. Сұрақ-жауап ретінде диалог құрылды.
1.»Ерлік-жан дүниенің ұлы қасиеті» дегендей өмірінің өлшеулі бір бөлігі, жауқазын жастық шағының сүбелі үлесін оқ пен от астында өткізіп, тағдырдың жазуымен елге аман-есен оралып, туған жермен қауышқанда қандай сезімде болдыңыздар?
2.Қазіргі бейбіт заман сарбаздары қандай болуы керек?
3.Қазіргі кезеңде «ерлік, батырлық, жауынгерлік парыз» ұғымдарын жастар арасында қалай насихаттауға болады?
4.Алғашқы ұрысқа кіргенде бойларыңызда қорқыныш болды ма? т.б. ойдағы сұрақтарын қойған кездесуге келген оқушылар тұжырымды жауаптарын алып, рахметтерін айтты.
Кездесуге келген ардагерлер «Мирас»өнер мектебі дайындаған концерттік бағдарламаны тамашалады.
1.Сәрсен Нұрдәулет «Туған жер»(жетекшісі Нүриләш Қайырбекқызы)
2.Аңсар Абдрахманов «Аққұм»(жет.Қуаныш Дүйсенбеков)
3.Аринова Айсана»Тәуелсіз елдің ұланы»(жет.Жанара Бекбауова)
4.Қобыз ұстазы Толғанай Бердібекова «Көзімнің қарасы».
Сонымен қоса «Мирас» өнер мектебінің «Арлан» әскери патриоттық үйірмесінің қатысушылары автоматты шашып жинау, патрондарды жинап салу бойынша өз өнерлерін көрсетті.(жет.Досымбеков Мырза Тұрағалұлы)
Кездесу соңында әңгіме дастархан басында жалғасын тапты.