KitapTime – кітаппен бірге!» кітап фестивалі
Форматы: ашық алаңдағы мәдени-танымдық акция
Аудандық орталық кітапханасы кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру, оқырмандар мен кітапхана арасындағы байланысты нығайту, кітапты насихаттау және Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің 50 жылдық мерейтойын дәріптеу мақсатында «KitapTime – кітаппен бірге!» кітап фестивалі өткізілді.
Шара барысында қатысушыларға «Мен кітап оқуды сүйемін!» фотозонасы, «Оқитын ұлт» марафон аясындағы кітап көрме-инсталляциясы және «ОКЖ-ға – 50 жыл!» мерейтойлық фотозонасы таныстырылды.
Фестиваль аясында «Мен білетін 5…» танымдық ойыны ұйымдастырылып, қатысушылар кітап, әдебиет және мәдениет тақырыптарындағы тапсырмаларға белсенді қатысты. Ойын соңында белсенді қатысушыларға шағын сыйлықтар табысталды.
Жаңалықтар
Posted in
«KitapTime – кітаппен бірге!»
Posted in
