Сивенкова Прасковья Фоминична 1925 жылы Витебск облысы, Дубровенск ауданы, Росасно ауылында дүниеге келген. Мәжбүрлі түрде 1943 жылдың көктемінде немістер Борн қаласына, ал 1944 жылы 5 мамырда неміс оккупациялық билігі Германияға алып кетті. 9 ай Бреслау қаласында жер жұмыстарында жұмыс істеді. 1945 жылы мамырда Қызыл Армия бөлімдерімен босатылды. Отанына оралар алдында НКВД тексеруден өтті. 1960 жылы Қазақстанға Қарағанды облысы Егіндібұлақ ауданының Абай ауылына көшіп келді. Сауыншы, опрыскивала өріс улы химикаттармен. 1993 жылы Самарқанд ауылына көшті. 2001 жылы қайтыс болды.
Леонова Лидия Семеновна 1938 жылы Украинада дүниеге келген. Фашистік концлагерьге 5 жасында келді. Босатылғаннан кейін 1946 жылы Қарағандыға келіп, ФЗУ-ға оқуға түседі, оны аяқтаған соң тігін фабрикасында шебер болып жұмыс істейді. 1963 жылы №19 училищеде тігін технологиясынан сабақ берді. 1992 жылдан Самарқанд ауылында тұрады. 1996 жылы зейнеткерлікке шықты.