Г.Мұстафин кенттік кітапханасының коворкинг залында қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы Ыбырай Алтынсариннің 185 жылдығына орай «Білім шырағын жаққан ұлы тұлға» атты портреттік кеш өткізілді. Шараның алғашқы бөлімінде Ыбырай Алтынсаринның қазақ даласында тұңғыш мектеп ашып, білім шырағын жаққан ерен еңбегі мен өмір жолына жалпы шолу жасалды. Одан әрі қарай кеш бағдарламасы ағартушының балалық шағы, Орынбордағы оқу жылдары, В.В. Григорьевтің кітапханасымен байланысы және 1864 жылы 8 қаңтарда Торғай қаласында тұңғыш қазақ мектебін ашу тарихы баяндалған өмірбаяндық бөліммен жалғасты.Жиналған қауымға ерекше әсер сыйлаған кештің келесі сәті – оқушылардың қатысуымен қойылған «Алғашқы сабақ» көрінісі болды.Сонымен қатар, шара барысында ұлы ұстаздың «Қазақ хрестоматиясы» оқулығы мен тәрбиелік мәні зор шығармалары («Әке мен бала», «Бақша ағаштары», «Таза бұлақ», «Бай баласы мен жарлы баласы», «Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш») терең талданып, қатысушыларға аталмыш туындылардан үзінділер оқылып берілді.Кеш соңында қатысушылар арасында ағартушының өмірі мен шығармашылығы бойынша «Кім жылдам?» атты қызықты блиц-турнир ұйымдастырылып, сұрақтарға ең шапшаң әрі дұрыс жауап берген оқырмандар анықталып, марапатталды.Тақырыпқа сай жасалынған кітап көрмеге шолу жасалынды.
Жаңалықтар
Posted in
«Білім шырағын жаққан ұлы тұлға»: Ыбырай Алтынсариннің 185 жылдығы
Posted in
