Үштөбе ауылдық кітапханасының оқырмандары арасында Үштөбе тірек мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің ұстазы Оркен Құдайбергенмен бірлесіп «Тіл – асыл қазына» атты танымдық сағат өткізілді.
Шараның негізгі мақсаты – оқырмандарға ана тілінің қадір-қасиетін ұғындыру, қазақ тілін құрметтеуге және тіл байлығын арттыруға баулу.
Танымдық сағат барысында оқырмандарға қазақ тілінің маңызы туралы түсінік беріліп, «Мақалды жалғастыр» ойыны және «Сөз сайысы» ұйымдастырылды. Қатысушылар мақал-мәтелдерді жалғастырып, сөздік қорларын сынап, өз білімдерін ортаға салды.
Шара соңында оқырмандар ана тілі – халқымыздың баға жетпес асыл қазынасы екенін айтып, тілге деген құрметтерін білдірді.
Жаңалықтар
Posted in
«Тіл – асыл қазына» танымдық сағаты
Posted in
