КГУ "Централизованная" библиотечная система
Бухар-жырауского района"
акимата Бухар-жырауского района

Жаңалықтар

«Қазақ киносының дара тұлғасы» ауызша журнал

Абдолла Қарсақбаевтың 100 жылдығына орай Үштөбе ауылының кітапханашысы Айтхожина Айнұр Алпысбайқызы Үштөбе ауылының №2 қазақ мектебінде «Қазақ киносының дара тұлғасы» атты ауызша журнал өткізді.

Іс-шара барысында оқушыларға қазақтың көрнекті режиссері Абдолла Қарсақбаевтың өмірі мен шығармашылық жолы, қазақ кино өнеріне қосқан үлесі туралы кеңінен ақпарат берілді. Режиссердің танымал фильмдері таныстырылып, оның ұлттық кино өнеріндегі орны жайлы әңгіме жүргізілді.

Ауызша журналдың мақсаты – оқушыларға қазақ киносының тарихын таныстыру, Абдолла Қарсақбаевтың шығармашылығын насихаттау және жас ұрпақтың өнерге деген қызығушылығын арттыру.

Оставить отзыв