КГУ "Централизованная" библиотечная система
Бухар-жырауского района"
акимата Бухар-жырауского района

Жаңалықтар

«Астана – әлем таныған қала»

Астана күніне орай Петровка ауылдық кітапханасында «Астана – әлем таныған қала» атты виртуалды кітап саяхаты ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында оқырмандар еліміздің бас қаласының тарихы, сәулетті ғимараттары, көрікті орындары мен жетістіктері туралы қызықты мәліметтермен танысты. Сонымен қатар Астанаға арналған кітаптарға шолу жасалып, қатысушылар елорда туралы танымдық әдебиеттерді тамашалады.
Осындай тағылымды шаралар арқылы оқырмандардың туған елге деген сүйіспеншілігі артып, елорданың өткені мен бүгіні туралы білімдері толықты.
Баршаңызды Астана күнімен құттықтаймыз! Еліміз өркендеп, елордамыз көркейе берсін!
#АстанаКүні

Оставить отзыв