Аудандық орталық кітапханада республикалық «Кітап оқитын ұлт» марафоны аясында жеті бағытты қамтитын «Оқитын ұлт: жеті бағыт – бір мақсат» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды:
«Оқитын мектеп» — мектеп оқушылары мен жасөспірімдерге арналған үздік әдебиеттер.
«Оқитын колледж» — кәсіби білім алушы жастардың танымын кеңейтетін кітаптар.
«Оқитын университет» — жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған ғылыми және интеллектуалды еңбектер.
«Оқитын педагог» — ұстаздар мен тәрбиешілердің кәсіби шеберлігін арттыратын әдістемелік құралдар.
«Оқитын әулет» — отбасылық құндылықтар мен бірге оқу дәстүрін дәріптейтін шығармалар.
«Оқитын мемлекеттік қызметші» — басқару, құқық және мемлекеттік іс-тәжірибе бағытындағы еңбектер.
«Оқитын интеллектуал» — тұлғалық даму, логика мен заманауи трендтерді қамтитын бестселлерлер.
Көрмеде осы бағыттар бойынша кітаптар, арнайы қойылған QR-кодтар мен сілтемелер арқылы кітаптардың электронды нұсқасын жүктеп алуға болады. #кітапоқитынұлт#жетібағыт
