Доскей ауылдық кітапханада оқырмандарға арнап «Кітап Talk: жаңа буын таңдауы» атты интерактивті таныстырылым және ашық пікірталас ұйымдастырылды.
Шараны кітапханашы Божанова С.Д. жүргізіп, оқырмандарға кітап оқудың адам өміріндегі орны, оның білім мен тәрбие берудегі маңызы туралы әңгімеледі. Сонымен қатар қатысушылар назарына «Кітап оқитын ұлт» атты кітап көрмесі ұсынылып, ондағы шығармаларға шолу жасалды.
Кездесу барысында балалар өздері оқыған сүйікті кітаптарын таныстырып, шығармалардың мазмұны, қызықты оқиғалары мен есте қалған тұстары туралы ой бөлісті. Кейбір оқырмандар кітаптағы өздеріне ұнаған кейіпкерлерді атап, шығармадан алған тәрбиелік мәні мен өмірлік сабақтарын айтып, достарына оқуға кеңес берді.
Сондай-ақ «Кітап па, әлде телефон ба?» тақырыбында ашық пікірталас өткізіліп, қатысушылар кітап оқудың және цифрлық технологияларды пайдаланудың артықшылықтары жөнінде өз көзқарастарын ортаға салды. Шара барысында оқырмандардың білімін тексеруге арналған блиц-сұрақтар қойылып, түрлі қызықты тапсырмалар орындалды.
Жаңалықтар
Posted in
«Кітап Talk: жаңа буын таңдауы» интерактивті таныстырылым
Posted in
