КГУ "Централизованная" библиотечная система
Бухар-жырауского района"
акимата Бухар-жырауского района

Жаңалықтар

«Оқыған ұрпақ – озық ұлт»

Қарақұдық ауылдық кітапханасында «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында оқырмандардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, кітаптың адам өміріндегі маңызын түсіндіру, жас ұрпақтың бойына білімге құштарлық, рухани байлық және ұлттық құндылықтарға құрмет сезімін қалыптастыру мақсатында үлкендер мен балалардың қатысуымен «Кітап оқитын ұлт – оқитын ұрпақ» атты танымдық сағат өткізілді. Іс-шара «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында балаларға жоба туралы түсінік берілді. Компьютер арқылы жобаға қалай кіруге болатыны, оған тіркелу және кітаптарды оқу жолдары көрсетіліп, түсіндірілді. Шара барысында балаларға оқыған кітаптарыңмен видеоға түсу керек екендігі де айтылып, балалар алдағы уақытта оқыған кітабының мазмұнын айтып, видеоға түсетіндерін де айтты. Сонымен қатар «Кітап кейіпкерлерін таны» атты танымдық ойын,, «Кітап туралы не білеміз?» атты сауалнама жүргізіліп, балалардың қандай кітап оқығаны, балалар әдебиетінің жазушылары жайында да білетіндері байқалды. Шараға арнайы «Оқыған ұрпақ – озық ұлт» атты кітап көрмесі дайындалып, көрмеге «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында ұсынылған кітаптар да ұйымдастырылып насихатталды. Осы шараға белсене қатысқан Жумабеков Азизға сыйлық беріліп, қатысқан барлық балаларға тәттілер таратылды. Қорытындылай келе, танымдық сағат өз мақсатына сай өткізіліп, қатысушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыруға ықпал етті деген ойдамыз. Қатысқандар 16 адам. Үлкендер – 5, балалар – 11.

Оставить отзыв